Өлке тарихының жанашыры

Атырау облысының көне тарихи орындарының бірі әрі бірегейі саналатын Сарайшық шаһарының орнында кең көлемде археологиялық қазба жұмыстарының жүріп,зерттелуіне, осы жерде мұражай кешенінің ашылуына еңбегі сіңген өлке тарихының жанашыры, тарихшы Қуанғали Қаштеұлы Жұмалиев екенін бірі білсе, бірі білмейді.

Қуанғали аға осы киелі топырақта кіндік қаны тамып,Сарайшықтан мектеп бітірген. Балалық шағы соғыс жылдарына тап келіп, мектепке кеш барса да, алғыр да зерек бала мектепті аяқтағасын Гурьев педагогика институтына оқуға түскен. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Қуанғали Қаштеұлы туа бітті таланты–әншілікті өміріне серік қылды. 1993 жылы облыстық өлкетану музейіне қызметке келген кезден бастап осы саланың дамуына зор үлес қосып, музейді «зиялылардың қара шаңырағына» айнал- дырды. «Елім, жерім» деп, туған өлке тарихының сақталуын мансұқ еткен Қуанғали аға табиғаттың құзырынан суға құлап, өшіп бара жатқан туған жері Сарайшықтың тағдырына да бей-жай қарай алмады.

qyan51120

Академик, ғалым-зерттеуші Әлкей Марғұланның 1950 жылы өзі бастап келген археологиялық экспедициясынан кейін Сарайшықта қазба жұмыстары жүргізілмеген. Көне шаһардың тарих сахнасында үш бірдей орданың астанасы, мәдениеті мен қолөнері, кәсіпшілігі д а м ы ғ а н к е р у е н жолының белді бекеті, діни орталығы, Қазақ х а н д ы ғ ы н ы ң а с т анасы ретінде ұрпаққа танылғанын өзінің басты мақсаты санаған Қуанғали Қаштеұлы мемлекет және облыс басшыларына хатпен шығып,қазба жұмыстарын жалғастыруға рұқсат алды. 1996 жылдан бастап Ә.Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы З.Самашев бастаған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізді. Ұсынысы қолдау тапқан Қуанғали аға ескі қаланың, болашақ мұражай-қорықтың макетін шабытпен жасап, ол жобаны Елбасының өзі бекіткен еді. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Сарайшықта мұражай, мешіт және хандар кесенесі ашылды. Бұл жұмыстардың жүзеге асуына сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың еңбегі зор болды.

1998 жылы 22 ақпанда Қ у а н ғ а л и Қ а ш т е ұ л ы Жұмалиев өмірден озды.Өзі туған жерінің төрінен бой көтерген Сарайшық музей-қорығын көрмесе де, арманы жүзеге асты. 2019 жылы Сарайшық музей-қорығының 20 жылдығында Ә.Мұқтар мен Ж.Диярованың «Сарайшық музей-қорығы тарихы» монографиясының тұсаукесеріне қатынасқан Қуанғали ағаның жұбайы Сабила апа мен қызы Лариса естеліктерімен бөліскен болатын.

С.БЕКЕШОВА,

«Сарайшық» музей-қорығының жәдігерлермен таныстырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT