«Браконьер-2020» шарасы өтуде

Ағымдағы жылдың қараша айының 11-іне дейін браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылғы 09 қазандағы №1-5-3-62/33398-И нұсқауы бойынша, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларын орындау үшін, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2020 жылға арналған кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 12 қазан мен 11 қараша айы аралығында республика аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңін ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Махамбет АПБ-нің бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі А.Б.Аязғалиевпен 12.10.2020 жылғы №100 санды бұйрығы шығарылды.

Осыған орай аудан көлемінде ағымдағы жылдың 12 қазан мен 11 қараша айы аралығында аң аулау және браконьерлік ережелерін бұзу фактілерін анықтау мәніне ЭГТРМ-нің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп, аңшылық шаруашылық және жайылым аумақтарында аңшыларға, оның ішінде аңшылық қаруды енгізу және шығару тәртібін және көші-қон заңнамасы талаптарын сақтау мәніне Қазақстан Республикасына аң аулау мақсатымен келген шетел азаматтарына тексеру жүргізу, сонымен қатар табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау(сирек кездесетін және жойылып кетуге қауіп төнген жануарлар мен өсімдіктер, киікке, балық ресурстарына қатысты браконьерлікке, оның ішінде көлдер, ағаштар мен бұталарды кесу, оның ішінде сексеуілді кесу және сату, инертті материалдарды заңсыз табу және т.б. фактілерге) сондай-ақ биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы мәніне автожолдарда, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарын тексеру рейдтік іс-шаралары жүргізіледі.

Д.К.РАСУЛИЕВ,

аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі

бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT