Олар да қоғаммен бірге

Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы по­лиция майоры Дастанбек Расулиевтің қатысуымен аудандық про­бация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуді полиция майоры Дастанбек Расулиев ашып, пробация қызметі тобының есебінде тұрғандар үшін сот­пен белгілеген міндеттерді орындау атап айтқанда, мінез- құлықтарына есеп беруге келіп, кешкілік уақытта үйде болу, әкімшілік жауапкершілікке тартылмау қажеттігі маңызды екенін еске салды.

Өздерін қоғамнан шеттет­пей, керісінше ел қатарлы өмір сүруге талпынуға шақырды. Аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы әділет капитаны А.Молдашева түзеу жолға салу пробация қызметінің міндеті екенін, қайталап қылмыс жасамау керектігін, сот талап­тарын орындау қажеттігін ай­тып өтті.

А.КАБДЫКАЙРОВА, аудандық пробация

қызметі тобының инспекторы, әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT