Ынтымақ ұялап, бірлік қонған Қазақ жеріне көктемнің жарқын мерекесі - Наурыз мейрамы келді.
Ұлыстың ұлы күніне орай Махамбет ауданында Наурыз мерекесі ұйымдастырылып, тіршілік тірілетін жаңару айын сән-салтанатпен қарсы алды.
Орталық алаңда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күнін аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев аудан тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, тақырыптық сахналық көріністер мен концерт көрсетілді.
Мерекеге жиналған тұрғындар ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татып. Жергілікті өнерпаздар мерекені думанға бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Рафаэль Салауатов,
сурет автордікі