Сан ғасырлық тарихтың үнсіз куәсіндей болған бүгінгі Сарайшық ауылы – қазақ даласының киелі мекендерінің бірі. Мұнда жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылып, түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді.
Соның бірі – өткен сейсенбіде Сарайшық ауылдық округі әкімдігі аппараты жаңа ғимаратқа көшіріліп, жұмысын бастады. Әкімшілік ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев арнайы қатысып, ауыл халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, бұл ел игілігіне арналған қызметтің жаңа белесі екенін атап өтті. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «АтырауСтройСтандарт» ЖШС басшысы Дүйсенбай Напиховқа Алғыс хат табыстады.
Жаңа әкімшілік ғимаратының лентасын қию рәсімі аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев пен Сарайшық ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадим Жексенбайұлына ұсынылды. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Н.Құрмашев жаңа ғимарат ауыл халқының игілігіне сапалы қызмет етсін деген ақ тілегін білдірді.
Қос қабатты заманауи нысан соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта ауылдық Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, құқық қорғау органдары, «103» мобильді тобының қызметкерлеріне арнайы кабинеттер қарастырылған.
Б.САПАРОВА