Білікті маман - мемлекеттің басты байлығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – жаңа дәуір талаптарына сай нақты қадамдар мен басымдықтарды айқындаған маңызды құжат болды. Президент атап өткендей, білікті мамандарды елге қайтару – бүгінгі күннің аса өзекті стратегиялық міндеттерінің бірі.

Соңғы жылдары елімізден шетелге кеткен талантты жастар мен кәсіби мамандар саны артып келеді. Бұл тек жоғары жалақы мен жақсы мүмкіндік іздеуден ғана емес, ел ішіндегі кәсіби ортаның жеткілікті деңгейде дамымауынан да туындап отыр. Сондықтан бұл мәселені шешу – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі.

Білікті кадрларды елге қайтару үшін ең алдымен еңбек нарығын жаңғыртып, жалақы мен әлеуметтік қолдауды арттыру, ғылым мен инновацияға басымдық беру қажет. Заманауи зерттеу орталықтары мен стартаптарға жағдай жасау – жастарды ел ішінде ұстап қалудың тиімді жолы.
Сондай-ақ, шетелде жүрген қандастарымызбен тұрақты байланыс орнатып, олардың тәжірибесін ел игілігіне пайдалану да маңызды. Егер нақты әрі тиімді бағдарламалар қолға алынса, отандық кадрлардың елге оралу үрдісі күшейіп, Қазақстанның экономикасы мен ғылымы жаңа деңгейге көтерілері анық.
Сондықтан Президенттің бұл бастамасы – еліміздің адами капиталын сақтауға және дамытуға бағытталған маңызды қадам деп білемін. Өйткені білікті мамандар – кез келген мемлекеттің дамуының негізгі күші. Сол себепті олардың елге оралуына жағдай жасау – стратегиялық басымдықтардың бірі болуы тиіс.


А.Коказова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT