Облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Ақтоғай ауылында

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлыбек Ожаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айбек Габдуллин, аудандық мәслихат депуттатығына кандидаттар Р.Әженов, А.Рамазанова, Б.Құмарова, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі С.Жайлашев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында Ақтоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

a

Пандемия басталғалы бері «Nur Otan» партиясы қоғамдағы түрлі санаттағы жандарды қолдау мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек берді, «Birgemiz» қоры аясында азық-түлікпен қамтуды да естен шығармады. Карантиндік шектеу шараларына байланысты пайда болған қиындықтарға қарамастан партия экономикалық тұрақтылықты сақтауда жұмыс жасап келеді. Ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша алдағы бес жылда жергілікті кәсіпкерлердің жобаларын несиелендіруге ықпал етуді көздеп отыр. Кездесуге қатысқан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Нұрлыбек Ожаев 10 қаңтарда өтетін сайлауда қалай өтетіндігін, іс-сапарын өзінің туған жерінен бастауының да өз себептері барын жеткізді.

- «Баласы атқа мінсе, үйде анасы тақымын қысар» деген қазақта кермет сөз бар. Кіндік қаным тамған, анамның сүтімен бойыма қасиет дарытқан жер – мен үшін өте ыстық. Біз үшін ең маңызды, ең қымбат байлық – ол ата-бабадан қалған жеріміз. Қазіргі жас буын тарихты білуі маңызды. Әр өлкенің жастары бір-бірімен тәжірибе алмасып, таным көкжиегін кеңейткені жөн. Осындай бейбіт өмірге қалай жеттік, сыры ашылмаған қандай деректер бар?! Осы ашылмай, тарихтың тұңғиығында жатқан беймәлім мәліметтерді жарыққа шығаратын да келешек жастар болмақ. Сол себепті де партияның «Jas Otan» жастар қанаты тың жобаларды қолға алады деген сенімдемін,-деді облыстық сайлауалды штабының жектекшісі Н.Жұмахметұлы.

aktogai17122020-2

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айбек Серікұлы да алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталып, «Nur Otan» партиясын таңдау арқылы халықтың игілігіне айналар жұмыстардың алдағы бес жылда жүзеге асатындығын атап өтті. Жиынға қатысқан ақтоғайлықтар да биылғы жылы ауылда ауылішілік жолдың салынғанын тілге тиек етіп, алға қарай да жасалар жұмыстардың тоқтап қалмағанын қалайтындықтарын айтса, ауыл ақсақалдары үміткерлерге ақ батасын берді. Жалпы партияның Махамбет ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында Ақтоғай ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге, ауылдың 3 шақырым ауылішілік және 3 шақырым кірме жолын күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ ашық спорт алаңын салуға ықпалдасатындығы айтылған.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521