Облыс әкімі жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барды

Бүгін, 20 сәуір күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында аймақ басшысы алдымен Бейбарыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: «Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында жүктелген міндеттерге тоқталды.

Серік Шәпкенов Бейбарыс ауылдық округінде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалған жұмыстар мен жоспар жайында айтты.

29f691cf-a42f-4a3e-9c5c-a3a5d5a680a5

⁃ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы жастарға сенім артып отыр. Жаһандану заманында әр салада бәсекелестік туындай бастады. Сәйкесінше, талапқа сай келетін мамандарға сұраныс артты. Ал жастарымыз осы үрдісте шет қалмай, заман талаптарына сай мамандықтарды меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуы керек. Бұл ретте өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше мән берген жөн. Ата-анасынан бастап, қоғам болып атсалысуымыз керек. Өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейік. Бала тәрбиесіне, ел болашағына көңіл бөліп, мемлекет пен халықтың арасында қоғамдық келісімді бірге орнатайық, деді облыс әкімі.

Облыс басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ауыл тұрғындары дәрігерлердің жетіспеушілігі, Жайық өзенінің жағалауын бекіту, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру секілді т.б. мәселелерді көтерді.

5b6360c7-a267-4095-a41a-ce9df93f62e8

Кездесуден соң Серік Шәпкенов ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз