Махамбет ауданында «AMANAT» партиясы депуттатық фракциясының мәжілісі өтті

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бекіткен кестесіне сәйкес Махамбет аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті.

Фракция отырысына, А.Абдолов Облыстық маслихаттағы "AMANAT" партиясы Фракциясының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты, І.Баймұханов Облыстық маслихаттағы "AMANAT" партиясы Фракциясының жетекшісінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихат депутаттары А.Габдуллин, А.Идресов, А.Жалмуханова, "AMANAT" партиясы Махамбет аудандық филиалының төрағасы, аудан әкім Р.Жанқылыш және аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бастауыш ұйым төрағалары, және БАҚ өкілдері қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібіне екі мәселе ұсынылды:

1.«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясы Махамбет ауданының сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы орындалысы туралы және 2022 жылғы орындалмауға қауіпі бар шаралар туралы аудан әкімінің есебі;
2. Депутаттық рейтинг бойынша, атқарылатын шаралар туралы.

2021-2025 жылдарға арналған Жол картасында 92 шара көзделсе, 2021 жылға 60 шара жоспарланған. Орындалғаны 59 шара, орындалу сатысында 1 шара, ол жеке сектор бойынша тұрғын үй құрылысын салу мақсатында Бейбарыс, Алға және Таңдай ауылдарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысын жүргізу. Жалпы құрылыс жұмыстарының 40 пайызы аяқталған, биыл жыл ішінде аяқталады деп күтілуде.

7292b4f8-b081-442f-b1a4-169e541e7d3a

Жыл басында Республикалық, облыстық бюджет тарапынан қаражат бөлінбеуіне орай, төмендегідей орындалмау қауіпі бар шараларға тоқталды. Олар:

1) Еңбекшіл ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту және жазғы су желісінің құрылысын жүргізу.
2) Махамбет ауылынан 60 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үй құрылысын салу.
3) Махамбет ауылынан 36 пәтерлік 3 қабатты үш тұрғын үй құрылысын салу.
4) Жалғансай ауылының 11,6 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу.
5) Ортақшыл ауылында жаңадан спорт кешенінің құрылысын салу. Күні бүгінге салалық қорытынды дайындалып, қаржыға сұраныс берілгенімен, мәселе шешімін таппай отыр.
6) Сайлауалды бағдарламаның 2022 жылғы жоспарында Есбол ауылдық округі бойынша барлығы 11 шақырым  судан қорғау бөгеттерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Жайық өзенінің соңғы жылдардағы су келу маусымының өзінде өзен көлемінің төтенше жағдай туындатуы ықтималдылығы жоқ екендігін алға тарта отырып, бағдарламада көзделген бөгеттерді жөндеу іс-шараларын алып тастауды, бағдарлама бойынша 2022 жылға іске асырылуы көзделген «Еңбекшіл ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту және жазғы су желісінің құрылысын жүргізу» іс-шарасына баса көңіл аударуды ұсынды. Себебі қазіргі уақытта Еңбекшіл ауылында жазғы су желісі мүлдем жоқ, ал тұрғындар пайдаланып отырған ауыз су, су тазарту қондырғысының бірінші көтерілім су насостарын ауыл маңындағы «Терең Өзек» көлінен Жайық өзенінің негізгі арнасына ауыстыруды қажет етеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе депутаттық рейтинг бойынша алға қарай атқарылатын жұмыстар туралы ұсыныстар, пікірлер, айтылды.Нәтижесімен қаулы жобасы қабылданды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT