О.Шонаев атындағы орта мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы Б.Серикованың жетекшілік етуімен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Ондағы мақсат – жасөспірімдерді ұлттық және азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру.
«Жас Ұлан» ұйымына 24 оқушы, «Жас Қыран» 50 оқушы қабылданды. Оқушыларымыз «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өткізудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Ұйым қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып, сабақтарын жақсы оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Назерке Әділбаева ұйымның атқарушы хатшысы Б.Сериковаға рапорт тапсырды.
Биыл «Жас Ұлан» ұйымына 10 жыл және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздігімнің ақ таңы» атты көрініс қойылып, Айгерім Ғарифолланың «Мен елімнің жас ұланы» әнімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өздерінің достарынан соны талап етуге, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Ұстаздар «Қазақ елі» әнінің ырғағымен жас қабылданушыларға атрибуттарын тағып берді. Салтанатты жиын Назерке Әділбаеваның «ЖасҰлан» әнімен аяқталды. Елбасымыздың алдымызға қойған ұлы міндеттерін жүзеге асырып, еліміздің патриоттарын тәрбиелеуде мектеп ұжымы мен «Жас Ұлан» ұйымы аянбай еңбек ете береді деген сенім білдіремін.
Райса МАКАРОВА,
О.Шонаев атындағы орта мектептің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары