Ауданға келген шетелдік шектен шығып, елден шеттетілді

Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге  қоныс аударуы  арқылы жүзеге асады. Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарына әкімшілік және қылмыстық заңнамасы бойынша жауаптылық көзделген. 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 14-бөлігінде азаматтық іс жүргізу тәртібімен шығарып жіберу туралы шешім шығару кезінде соттар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жасаған құқық бұзушылығын ескеруі қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңының 28 бабына сәйкес шетелдік егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса ел аумағынан тыс жерге шығарып жіберілуі мүмкiн. Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды.

Атырау облысы Махамбет аудандық сотымен «Атырау облыстық полиция департаментінің Махамбет аудандық полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Өзбекстан Республикасының азаматы Ф.С.-ны Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. 

Сотпен анықталғандай Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты ауылда көше бойында, яғни қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішіп, масаң күйде жүргені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған айыппұл түріндегі жаза қолданылған. Соттың шешімімен арыз қанағаттандырылып, Өзбекстан Республикасының азаматы Ф.С. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылып, ел аумағынан кетуге 7 күн мерзім тағайындалды.

Шетел азаматтары қандай жағдайда да заң алдында бірдей және  Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңнамаларын сақтауға міндетті екенін ескергені жөн. Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521