Учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыру, жұмысының ашықтығын көрсету мақсатында Махамбет ауданында жұмыстар атқарылуда. Жаңа полиция пунктінің орнатылуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғындар тарапынан түскен өтінішіне құлақ асып, әрекет ету процесін арттырады деген сенімдеміз.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында құқық қорғау органдары жұмыстарының озық әдістерін пайдалануының маңыздылығын атап өткен болатын.
- Күн сайын азаматтар ІІО қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша жүгінеді және оларға бірінші жауап қататын — полиция қызметкері. Сервистік модельді іске асыру мақсатында, яғни халықпен нәтижелі жұмыс жасап, өзара тығыз қарым-қатынас орнату жолында Махамбет аудандында жаңа полиция пункті орнатылып жатыр. Бұл тұрғындардың сауалына дер кезінде жауап беруде және құқық бұзушылықтардың алдын алуда оң нәтиже береді деп сенім білдіремін- деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Өз тілшіміз