Сот ұжымы ардагерлерге құрмет көрсетті

Махамбет аудандық сотының ұжымы 1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында ауданымыздың кәсіби медиаторлары Мұрат ағай мен Жібек апайға қоғам мен адамзат алдындағы атқарып жүрген, өлшеусіз еңбектері үшін шексіз алғыстарын білдіріп, атаулы мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Сот ұжымы ақпейіл, шын жүректен тілектерін айтып, дендеріне саулық тілеп, әдемі қартайып, отбасы амандығын тіледі! Көңілге қуаныш әкелген тосын сый-құрметтеріне шексіз қуанғандарын жасырмай, шер тарқатып, тарихта қалған ең бірінші еліміздің ел болуы жолында құрбан болған ата-бабамызға құрмет көрсетіп, кемеңгер Елбасы саясатының болашаққа қараған жарқын жастарымызға деген сенім серпілісін айтып, алғыстарын білдірді.

Мереке қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлап, алғыс айтқан сот төрағасы мен ұжымына жоғарғы белестер мен жетістіктер тілеп,ақ батасын берді.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз