Нұрбану САПЕНОВА : «Жайық шұғыласына» ұжым болып жазылдық

«Жайық шұғыласы» – ауданымыздың атымен қатар аталатын төл басылым.

Махамбет ауданы десе, төл газеттің атауы қатар жүреді. Сондықтан жүрегінде туған жерге деген патриоттық сезімі бар әр адам аудандық басылымға жазылуға ынталы болуы керек.

Махамбет ауданының халқы қашанда өзінің білімі мен мәдениетінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Білімділік пен мәдениеттіліктің бір көрінісі газет оқу екені белгілі. Аудандық басылым оқырманы үшін шынайы тексерілген ақпаратты жариялап отырады. Кейбір интернет сайттардың жалған ақпаратынан газеттің тексерілген ақпараты құнды болады. Газет – мемлекетіміздің саясатын халыққа түсіндіруші, қоғамдағы күрделі мәселелерге қоғамдық пікір қалыптастырушы, өскелең ұрпақты жақсылыққа шақырушы тәрбие құралы. Кітап оқудан алшақтаған, ойын қағазға анық түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқаны бізді ойландыруы тиіс. Өзім балабақшаны басқарып, ұрпақ тәрбиесімен айналысып отырған педагог ретінде газетке жазылуды қашанда қолдаймын. Сондықтан да жыл сайын ұжым болып, жазылуды дәстүрге айналдырып келеміз.

Аудандық басылымды тек үлкендер оқып қана қоймай, балалар да әр апта сайын қызығушылықпен күтсе деген ойым бар. Осы ойымды жүзеге асыру үшін газет редакциясымен бірлесіп, соңғы түрлі-түсті бетке кішкентай оқырмандар үшін қызықты, танымдық материалдар жариялауды қолға алып отырмын. Менің бұл бастамамды өзге балабақшалар мен мектеп ұстаздары жалғастырып алып кетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Нұрбану САПЕНОВА,

«Нұршуақ» бөбекжайының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT