«Халықтың дауысы –беретін бағасы»

Еліміздің тарихында Парламент Мәжілісіне сайлау алты рет - 1995, 1999, 2004, 2007, 2012 және 2016 жылдары өтті. Олардың ішінде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы үш рет – 2007, 2012 және 2016 жылдары (мәжілістің үшінші, төртінші және бесінші шақырылымы) тағайындалды. Келесі шақырылым 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Сайлаушылар өз дауысын саяси партияларға береді, ал олар өз кезегінде кандидаттар тізімін қалыптастырып, оны орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Мәжілістегі және мәслихаттағы орындар партияның сайлаушылардың қанша пайыз дауысына ие болғанына байланысты бөлінеді.

Биылғы сайлаудың ерекшелігі партиядан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін тізімге енгізілген адамдардың жалпы санынан 29 жасқа дейінгі жастар мен әйелдер үшін кемінде 30% мөлшерінде квота белгіленіп отыр. Бұл олар үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Сайлау күні барлық партиялардың ел алдындағы беделі көрінеді. Қай партия көп дауыс жинаса, сол олар үшін халықтың берген бағасы болып табылады.

Тағы бір айтып өтерлік ерекшелік,бір аудан бір округ болып есептеледі. Аудан бойынша 18 сайлау учаскесі бар. Осы учаскелердің уақытында ашылуы, сайлаудың әділ өтуін қадағалау, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жоғары деңгейде өтуіне атсалысу барлық жауапты адамдардың міндеті болмақ.

С.ШОТПАҚОВ,

аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT