Аудандық кітапханада байқау өтті

Ұлттық ономастика-ел айнасы.

Аудандық кітапханада ұлттық ономастика құндылығын арттыру мақсатында «Ұлттық ономастика-ел айнасы» атты байқау өтті. Байқауға бес округтен бес мемлекеттік қызметші қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау таныстыру, тарихи жерлерді тану, сұрақ-жауап кезеңдерінен тұрды. 

Байқауда қатысушылар өздерін таныстырып, тарихи жерлертуралы айтып, сұрақ-жауаптарға ұласып, біліктіліктерін танытты. Әділқазылар алқасы аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Г.Бекбаева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Ш.Измағамбетова және осы кітапхананың әдістемелік бөлім меңгерушісі К.Суханғалиева төрелік етті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Г.Бекбаева байқауды қорытындылап, Бейбарыс ауылдық округінің бас маманы Салимаш Утегалиеваны жүлделі І орынмен марапаттады. Жүлделі ІІ орын Алға ауылдық округінің бас маманы Гүлнар Нұрғожаға бұйырса, ІІІ орынға Есбол ауылдық округінің бас маманы Гүлдана Юсупова ие болды.

baiqay30621-1

Аудандық кітапхананың ақпарат-библиография жүйесінің әдіскері Күнсая Суханғалиева Алғыс хатқа ие болған Бақсай ауылдық округінің бас маманы Данияр Құрманғалиев пен Ақтоғай ауылдық округінің маманы Дина Еркінованы марапаттады.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521