Өнерімен тамсандырған өрендер

Балаларға қосымша білім беру – үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Аудандық З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі балаларға қосымша білім беру саласында тұрақты түрде қызмет етіп келеді. Музыка және көркемөнер бағытында 14 мамандық бойынша дарынды балаларды оқуға қабылдайды. Атап айтсақ, домбыра, жетіген, шертер, қылқобыз, прима-қобыз, сырнай, фортепиано, ксилофон, вокал, дәстүрлі ән, хореография, көркемсурет, киімді үлгілеу, ақындық өнер.

Бүгінде 14 мамандық бойынша шәкірт тәрбиелеп отырған З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің 2024-2025 оқу жылында тәрбие бағытында атқарылған жұмыстарын сараласақ.

Облыстық «Бояулар құпиясы» атты байқауға көркемсурет сыныбының оқушылары қатысып, Анель Хамидулла жүлделі 3 орын алды. Со­нымен қатар Әсемай Сисен, Айару Әбдімұхтарқызы Алғыс хатқа ие болды. Қазыналы қарттар күніне байланысты Бейбарыс ауылында дәстүрлі ән сы­ныбы оқушылары ардагер-ұстаздарға мерекелік әншашу ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Аудандық кітапханада «Білікті ұстаз – ұлт болашағы» тақырыбындағы қазақша интеллектуалды ойыны­на қатысқан ұстаздарымыз алғыс хатқа ие болды. Ұстаздар күніне орай «Ұстаздық жолы – ұлы жол» атты дом­быра бірлестігінің шарасы өтіп, осыған орай «Даналық – ұстаздан» челленджі де ұйымдастырылды. Облысқа, ауыл- ауданға белгілі ақын С.Бердімұратов өміржолымен танысу үшін аудандық өлкетану музейіне ақын, домбыра, во­кал, соқпалы аспап сыныптарының білім алушылары барды. Атырау қаласында облыстық «Қылқалам шертеді» атты байқауға көркемсурет сыныбы мұғалімі М.Даулетьярова қатысып, алғыс хатпен марапаттал­ды. «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі аясында «Тұманың тұнығындай тума талант» атты жас әнші, вокал сыныбының оқушысы Ерқанат Сайынмен кездесу кеші өтті.

Ш.Сариев атындағы көркемсурет- қолданбалы сәндік өнер музейі ұйымдастырған «Ұлы дала бояулары» жылжымалы көрмесі өтіп, көрмеге білім алушылар қатысып, тамашалады. «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі аясында жергілікті сазгер Махамбет Дауылбаевпен кездесу кеші ұйымдастырылды. Музыка және өнер мектептері оқытушыларынан жиналған қазақ халық аспаптары оркестрлері мен ансамбльдерінің облыстық байқауы ұйымдастырылды. Мектебіміз «ансамбль» номинаци­ясы бойынша жүлделі 2 орынға қол жеткізді.

Облыстық «Сарайшық – тарихқа тұнған туған өлке» атты байқауында көркемсурет сыныбының мұғалімдері Мөлдір Даулетиярова 2 орын алса, Шынаргүл Қобыланова алғыс хатқа қол жеткізді. ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жұмыстарының жоспарына сай «Менің елім» көркемсурет сыныбы білім алушылары салған суреттері көрмесі өтті.

Мектепішілік «Жас музыкант» байқауы ұйымдастырылып, домбы­ра аталымы бойынша Райхан Мах­сот, Еркеғали Нияз 1 орын алса, баян номинациясында Нұрдаулет Қисмет, Айсұлтан Рахметолла 1 орынға ие болды. Қылқобыз аталымында Сезім Сембай 1 орынға қол жеткізді. Прима-қобызда Лашын Бергалиева 1 орын алды. Шертер аспабы бойынша Даурен Дүйіш, Нурали Муса 1 орынды еншілеп, облысқа жолдама алды.

Облыстық «Жас музыкант» байқауының лауреаттары анықталды. Домбыра сыныбы бойынша Райхан Махсот, Еркеғали Нияз жүлделі 3 орын алды. Баян сыныбы бойынша Нұрдаулет Қисмет алғыс хатқа ие бол­ды. Айсұлтан Рахметолла жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады. Шер­тер аспабы бойынша Даурен Дүйіш, Нурали Муса 1-орынға ие болып, республикалық сайысқа жолдама алды.

Атырау қаласында өткен Б.Рзаханов атындағы жас домбырашылар байқауына домбыра сыныбының білім алушылары Райхан Махсот, Еркеғали Нияз қатысып, дипломға ие болды. «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Әлқисса» домбыра ұжымының 5 жылдығына арналған «Өнерді өрге тартқан өрендер» күй кеші өтті. Оған домбы­ра сыныбының оқушылары қатысып, өнер көрсетті.

Жеңістің 80 жылдығына орай ан­самбльдер байқауы өтіп, оған дом­быра, жетіген, шертер ансамбльдері қатысып, жүлделі орындарымен марапатталды. Н.Тілендиевтің 100 жылдығына байланысты «Саз әлеміндегі ер тұлға» атты вокал сы­ныбы білім алушылары арасында ән байқауы өтті.

«Қазақстан балалары» тұжырым- дамасы бойынша сурет сайысы өтіп, үздіктер анықталды. Маусым айында «Өнерлі болу – арманым» атты есеп беру концертіміз өтті.

Жалпы 2024-2025 оқу жылында өнер мектебіне 480 бала қабылданып, жыл соңында 395 оқушымен аяқтадық. Биылғы бір ерекшелік – жетіген сыныбының алғашқы түлектерінің бітіруі дер едік.

Өнерімен тамсандырған өрендеріміздің қатары жылдан жылға ар­тып, жоғары жетістіктерге жеткені мектебіміз үшін зор мәртебе.

 

Н.МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,

директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT