Махамбет ауданында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өту жоспарлануда

Махамбет ауданы көлемінде ағымдағы жылғы 27-29 шілде аралығында аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өту жоспарлануда.  

 Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.

Сонымен қатар ата-аналар назарына кәмелетке толмаған балаларыңызды қатаң қадағалап,рұқсат етілмеген жерлерге суға шомылуға және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  тіркелмеген және басқару құқығы жоқ тұлғаларға «Мопед» көлік құралдарын басқаруға тиым салынатынын полиция бөлімі ескертеді.

Бұдан басқа, ІІО-ның есебінде тұрған қолайсыз отбасылар, жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мекен-жайлары бойынша тексеріледі.

 

Р.Уразбаев

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

ювеналды полиция тобының

кәмелетке  толмағандар істері жөніндегі

учаскелік полиция инспекторы

полиция майоры                                                                          

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT