Наурыздағы ұлттық ойындар

Наурыз мерекесінде ұлттық ойындарға кезек берілді.  Алаңда алдымен қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі -  қол күресімен басталды.   Қол күресінен жеңімпаз болып, жүлделі 1 орынды Асылбек Тілегенов  жеңіп алды.  Жүлделі 2 орынға  Төребек Есенғалиев ие болса,  ал жүлделі 3 орын Батырбек Латиповке бұйырды. 

Кір тасын көтеруден  Әділ Алданбаев жеңімпаз болып, 1 орынды иемденсе, 2 орын  Азамат Ақылбековке бұйырды.  Жүлделі 3 орынға Ерболат Қабдешов ие болды. 

Қазақтың ұлттық ойындарының біріне -арқан тарту жатады.  Арқан тартудан үш команданың ішінен ауыл жастары командасының мерейі үстем болып, жүлделі 1 орынды жеңіп алды.  Жүлделі 2 орынды  аудандық ішкі саясат бөлімі  қанжығасына байлады.  Жүлделі 3 орын «Өнерпаз» мәдениет үйінің командасына бұйырды. 

Қазақ спортының шоқтығы биігі -қазақ күресі болып табылады.  Наурыз мейрамында  қазақ күресіне  қатысушылар легі де көп болды.  Қызу тартыста өткен додада жүлделі 1 орынға  Жігер Бисен  ие болды.   Жүлделі  2 орынды Алишер Балабаев иемденді.   Жүлделі 3 орынға Алмаз Пастухов пен Ерқанат Қырым ілікті. 

Ұлттық ойындар бойынша жарыс жеңімпаздарын аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы марапаттап, жүлдегерлерге жүлделі орындары мен  ақшалай  тігілген сыйлықтарын табыстады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT