«Нәсібелінің» несібесі көп болсын!

Ауданымызда «Нәсібелі» оқу орталығы тереңдетілген білім курстары ашылды.

«Алтын тамыр» дәріханасының ғимаратында ашылған оқу орталығының лентасын округ әкімі Б.Мыңбев пен «Нәсібелі» оқу орталығының директоры Ә.Бердіғалиева қиды.

«Жақсыны көрмекке» дегендей, халық жапа-тармағай ішке ұмтылды. Ақтан ауыз тиіп, ақ тілектерін арнады. Махамбет ауылдық округінің әкімі Б.Мыңбаев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Махамбет аудандық филиалының директоры Б.Рахметов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов оқу орталығының жұмысына табыстар тіледі.

Атырау қаласында екі жерде оқу орталығы жұмыс жасап жатқанын айтқан мекеме директоры Әйгерім Сейітжанқызы 12 курс жүргізілетінін, сенбі-демалыста да жұмыс жасайтынын, хореографиядан би маманы Алматы қаласынан шақырылса, ағылшын тілі курсына АҚШ-тан келген сала маманы сабақ беретінін айтты. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытуға жергілікті мамандар тартылса, қалған саланың өз мамандары бар көрінеді.

Орталықтың тереңдетілген білім курстары-мектепалды даярлық, ұзартылған күн(продленка), ағылшын, орыс, қытай тілдері, математика, логопед-дефектолог, хореография, автокад, домбыра, менталды арифметика, қолөнер.

Қолөнерді білікті маман Ахонова Қатима Мұратбайқызы үйрететінін білдік. Ол қыз жасауы, қазақи нақышпен жасалған бұйымдар, тойбастар, шашу, құрақ көрпе, қазіргі лабрекен өрнектерімен өрнектеліп, жасалған бұйымдарды екі күннің ішінде үйретіп шығаратын білікті маман. Курс соңында арнайы сертификат беріледі. Курстан соң әркім өз ісін ашуына әбден болады. Қолөнер курсы-30 мың теңге. Қалған курстар қолжетімді бағада. Оқу орталығының жұмысына біз де сәттілік тіледік.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT