Кітапханаға кітап оқуға ғана келмейді

Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен қабылданған партияның жаңа жобалары аясында «Нұр Отан» партиясының бастауымен аудандық орталық кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына арналған салтанатты жиынға арнайы келген аудан әкімі Ж. Ахметов орталық қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа жобаның лентасын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сәменов пен кітапхана қызметінің ардагері Роза Дәулетова қиды. Күнделікті өмірімізге дендеп ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «Коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді екен. «Коворкинг» орталығы жаңа заманға сай компьютер, планшет, электронды кітаптармен жабдықталған. Бұл жастар мен балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттырары сөзсіз.

Оқушылардың өз білімін заманауи үлгіде жетілдіріп, шахмат-дойбы ойындарын ойнап, кітап деректерімен танысып, рухани дамуына мол мүмкіндік беріліп отыр. Ендігі жерде оқырмандарға коворки­нг орталықтарында кітап оқып, же­ке шығармашылық жұмыс­та­рын жазып, ғылыми жобалард­ы бір­лесе отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521