«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында «Көңілді қыс» атты ойын-сауық шарасы өтті

Бөбекжай-бақшаның ересек «Гүлдер» тобының балаларымен бірге қысқы ойын-сауық атауларын бекіту, қимыл-қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу, қызығушылығын ояту мақсатында өткен шарада бүлдіршіндер тапсырмаларды ойындар арқылы орындады.

Топ тәрбиешілері Н.Джумабаева мен А.Сатаева балаларға әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар екенін,соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше болатынын түсіндірді. Балалар «Аққала», «Шырша» топтарына бөлініп жарысты. Шана сүйреп, кеглдер арасымен өтіп, шелектерін қарға толтыра жарысқан балалардың жүздері күлкіге толып, барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанды. Шара соңында балалар мадақталды.

 

Нұргүл ДЖУМАБАЕВА,

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз