Нұрбану Сапенова «Үздік балабақша меңгерушісі» байқауында ІІІ орынды иеленді

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Үздік балабақша меңгерушісі» байқауы өтті.

Әдістемелік орталық ұйымдастырған бұл байқау педагог қызметкерлердің озат іс-тәжірибелерін таратуға ықпал ету және білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды педагогтарды анықтау мақсатын басты назарға алған.

Байқауға Махамбет ауданынан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің арасынан «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Нұрбану Сапенова қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Әдістемелік орталықтың арнайы дипломдары мен алғыс хаттары, сонымен қатар бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз