Махамбет ауданында құрақ құраудан шеберлік сағаты өтті

Қазақ халқының ертеден бүгінге өшпей жеткен қолөнерінің бірі – құрақ құрау.

Астарында үлкен тәрбие жатқан өнер түрі әлі күнге ел санасынан өшкен жоқ. Соңғы жылдары халықтың қайта қызығушылығын оятып, күнделікті қолданысқа кеңінен ене бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық қолөнердің маңыздылығын арттыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, «Jarqyn bolashaq» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Құрақ» атты құрақ құраудан шеберлік сағаты өтті.

117ec35c-11a0-4a51-b417-8f20514258e3

Шеберлік сағатына әр ауылдық округтен тігіншіліктен хабары бар әлеуметтік аз қамтылған отбасының отанасы, көп балалы ана, мүмкіндігі шектеулі ана, сондай-ақ жалғызбасты аналар қатысты. Дәрісті Махамбет ауданының тумасы, бүгінде Атырау қаласындағы «ASU atelier» шеберханасының негізін қалаушы шебер Света Утегалиева-Амирова жүргізді. Шара соңында қатысушыларға біліктілігін растайтын сертификат, ал үйретушіге аудан әкімі Ринат Жанқылыштың алғыс хаты табысталды.

 536bad0e-c385-44e3-b9ca-7261b08132db

– Бұл шараның өткізудегі басты мақсат – бір жағынан ұлттық қолөнерімзді жаңғырту болса, екінші жағынан үйде отырған қыз-келіншектерді кәсіпке баулып, ынталандыру. «Кілең шебер жиналса, істері тез қызады» демекші, үш күндік сабақта қатысушылар құрақтың 7 түрін құрауды меңгерді. Сонымен қатар матамен, тігін құралдарымен қалай жұмыс жасау керегін, қай ою-өрнек қандай негізде қолданылатынын, түстердің үйлесімділігін, тіпті кәсіппен айналысқан сәтте тұтынушымен қалай қарым-қатынас жасау керегін де үйренді. Шеберлік сағатын өткізген Света ханымға алғыс білдіреміз,-дейді «Jarqyn bolashaq» ҚБ жетекшісі Дана Ғасырбек.

3f2a1848-8e36-4a55-ac0b-744c48711f0f

Таңғажайып көркемдігімен талайды тамсандырған қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тауып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.


Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT