Нұрғали Аруев – Махамбет ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы

Махамбет ауданы әкімінің өкіміне сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына Аруев Нұрғали Ләтипұлы тағайындалды.

Нұрғали Ләтипұлы – 1971 жылы 13 сәуірде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Атырау темір жол техникумын, 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмәмдап, байланыс желілері және коммуникация жүйелері және Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1988 – 1989 жылдары Атырау қаласында аудандық тұтынушылар қоғамында жүкші  болып бастап, 1991 – 2007 жылдары аралығында Атырау облысы, Махамбет ауданында «Қазақтелеком» АҚ-да электромантер қызметін атқарған;

- 2007 – 2011 жылдары аралығында Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

- 2007 – 2012 жылдары аралығында Махамбет ауданы әкімінің аппаратының  ұйымдастыру -кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің және жалпы бөлімінің басшысы;

- 2012 – 2015 жылдары аралығында Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

- 2015 – 2016 жылдары Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

- 2016 – 2020 жылдары аралығында Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

- 2020 – 2021 жылдары Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы қызметтерін;

- 2021 жылдан күні бүгінге дейін Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің  басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді. Жалпы еңбек өтілі 31 жыл 4 ай.

 

Аудан әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521