Махамбет ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Махамбет ауданы әкімінің өкіміне сәйкес аудан әкімінің орынбасары лауазымына Биғали Нариман Хамидоллаұлы тағайындалды.

Нариман Хамидоллаұлы 1986 жылы 2 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылдық округі, Ортақшыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін және 2020 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін аяқтап, тарих, құқық, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2011 – 2014 жылдары аралығында Атырау және Маңғыстау облысы бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясының автомобиль көлігі басқармасының бас маманы болып бастап, 2014 – 2018 жылдары аралығында Атырау қаласында "НурКапСтройГаз" ЖШС-нің директоры;

- 2018 – 2020 жылдары аралығында Атырау облысы Құрылыс басқармасы, құрылыс бөлімінің бас маманы;

- 2020 – 2021 жылдары аралығында Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін 2021 жылдан күні бүгінге дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді. Жалпы еңбек өтілі – 9 жыл 8 ай.

 

Аудан әкімдігі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз