Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі – азаматтардың мұз үстінде жүру тәртібін сақтамауы салдарынан орын алатын қайғылы жағдайлар. Жыл сайын орын алып жатқан адам қазасының өзгелерге сабақ болмауы өкінішті-ақ.
Көп жағдайда адамдар мұз үстінде балық аулау үшін немесе жол қысқарту мақсатында дарияны кесіп өтіп жатады. Мұз үстінен өткенде сақтық шараларын ұмытпау қажеттігін есте ұстаған абзал. Ауа райының жылы болуынан аудан көлеміндегі барлық су айдындарында және Жайық мұзының қалындығы жұқа және әр жерден жарықтар пайда болуына байланысты мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес. Осы орайда, мұз үстіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды.
- Жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
- Мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
- Мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
- Автомобильдермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
- Мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді. Жеке құтқару құралдары болғанда ғана мұз үстінде балық аулауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар мұз астынан балық аулау кезінде шектелген алаңда екеуден артық шұңқыр оюға және мұз үстінде от жағуға рұқсат етілмейді.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, су айдындарының маңында орналасқан елді мекен тұрғындары өз балаларының мұз үстіне шығып ойнамауына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатаң қадағалау жөнінде ескертеді.
А.НӘСІМОВ
төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты