Ел дамуына бағыт берген

Президенттің Жолдауын еліміздің көптеген тұрғындары асыға күтті. Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің құрамына кіретін мен және менің әріптестерім үшін Мемлекет басшысының Үкіметке ағымдағы демографиялық үрдістерді бәсекелестік артықшылықтарға айналдыру міндетін белгілеу туралы шешімі жағымды жаңалық болды. Бүгінгі таңда кабинеттің ғана емес, барлық ата-аналардың да басымдықтары бақытты және қауіпсіз балалық шақ болуы керек. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жиілеп барады. Президент бүгін осыған қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды. Ол сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығының маңыздылығын атап өтті. 

Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді. Оған Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заңның қабылдануы, балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатыны, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жазаның  күшейтілуі,  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заңның қабылданғаны дәлел ретінде келтірілді. Сонымен қатар Президент қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бары және бұл – өте өзекті, қоғамдық қатерге айналғанына тоқталды. Осы бағытта арнайы заңдар қабылданып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шаралар қолға алынғанын атап өтті.

А.Алмуханова,

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT