«Мың алғыс»: Ассамблея мүшелері дәрігерлерге азық-түлік таратты

Коронавируспен күресіп, алғы шепте жұмыс атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.

Құрбан айт мерекесіне орай жалпыреспубликалық «Мың алғыс» акциясы аясында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің және Аналар кеңесінің қолдауымен Махамбет ауданындағы инфекциялық стационарда қайырымдылық шара өтті. Акция вирусқа шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін және алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге бағытталған.

a

Аталмыш іс-шараларға «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенді мүшелері мен еріктілер тобы қатысты. Қасиетті мерекеде қайырымдылық істі қолға алған Ассамблея мүшелері атынан дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне ет, жеміс-жидек өнімдері, сүт өнімдері, сондай-ақ, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары таратылды.

algys3173

Қазіргі уақытта дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатқан инфекциялық стационардан 238 науқас жазылып шыққан. Оттегі жетпей қиналған адамдармен 38 медицина қызметкері жұмыс жасапты.

- Бүгін келіп, көмектерін көрсетіп жатқандарға медицина қызметкерлері атынан рахметімді айтамын. Біздер науқастармен күресіп, «майданның» нағыз қайнаған жерінде шайқасып жатқан кезде сіздердің қолдауларыңызды сезіндік. Бүгінгі күні соңғы науқасымызды шығарып салдық. Өзіміз де анализімізді тапсырып, теріс көрсеткіш көрсеткені себепті үйімізге оралғалы жатырмыз. Қуаныштымыз. Денімізге саулық берсін, басымызға қара бұл төнбесін,- дейді аға мейірбике Нұргүл Санатова.

a

Жалпы ағымдағы жылдың наурыз айынан бері Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Біз біргеміз» акциясы аясында елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты 140-қа жуық қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды. Қайырымдылық шара барысында 10 мыңнан астам адамға 19 577 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызбасты қарияларға қаржылай көмек, азық-түлік, сүт өнімдерімен, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектермен көмек көрсетілсе, қала тұрғындарына бетперделер таратылды.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521