Елімізде Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетіні белгілі болды. Президент Қ.Тоқаев Мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан заңнамасы бойынша Парламент сайлауы мәжіліс депутаттары өкілетінің аяқталуына кемінде 5 ай қалғанда тағайындалып, кемінде 2 ай қалғанда өтуі тиіс. Еліміздегі соңғы Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өткен болатын. Заң бойынша Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізіммен, 3-і Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады.
Президент Қ.Тоқаев өз Үндеуінде барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының сайлауы д а тағайындалғанын жазған еді. Ал,биылғы сайлау, саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізілгенін меңзеп, «саяси жаңғыру,көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданады» деп атап өткен.
Бұл сайлау басқа сайлауларға қарағанда өзгерек. Өйткені бұл мәслихат сайлауы әлемдік тәжірибеге негізделіп, ең алғаш рет партиялық тізім бойынша өтетіндігі дер едік. Бұл партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілуі ең үлкен жаңалық болып табылады. Маңызды бастама еліміздегі саяси жүйені толық демократияландырып,дамытуға мүмкіндік береді.
Сайлау –ел тарихындағы орасан зор маңызға ие тарихи шара. Бұл сайлау ел тұрақтылығын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Саяси науқанға партиялар өз кандидаттарын ұсынады. Сайлау заң шеңберінде ашық, таза әрі әділ өтеді деген сенімдеміз.
А.ЕСЕНҒАЛИЕВ,
зейнеткер