Мұрат Мыңбайұлы: "Бірлікке бағынбайтын белес жоқ"

Рухы мықты қазақ елінің басынан бұл күн де өтеріне сенемін.

Қазақ елі өзінің тарихында талай қиындықты басынан өткерді. Оған тарих куә. Бәрімізде бұл қызылды-жасылды жылтыр дүниеге қонақпыз. Аждаһадай болып келген көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын COVID-19 індеті қазақты көп уайымға салды. Хан демей, қара демей, ауырып жатқан соның дәлелі. Ақ халатты абзал жандар бар күш-жігерлерін салып адам өмірі үшін күресіп жатыр. Бұл індет бізге денсаулықтан артық ешнәрсе жоқ екенін көрсетті. Мемлекет басшысы қазақ елінің қамы үшін карантин жариялады.

Осы карантин тәртібіне барша халық болып бағынуымыз керек! Ауру «батпандап кіріп, мысқылдап шығады",-дегендей, сонда ғана індет саябырсыры анық. Міндеттеріне адал ақ халатты абзал жандарға Алла қуат берсін. Өздеріңізді, жақындарыңызды бұл індеттен қорғаңыздар. Бетперде тастамай, тазалықты мұқият қадағалаңыздар. «Тәртіпке бағынған құл болмайды»,-деген екен Бауыржан Момышұлы атамыз. Елдің амандығы, бауырымыздың бүтіндігі үшін бәріңізді тәртіпке бағынуға шақырамын. Рухы мықты қазақ елінің басынан бұл күн де өтеріне сенемін.

Ауызбіршілік болса, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ, ағайын! Баршаңызға тек жақсылық, денсаулық, сабыр тіледім. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Мұрат МЫҢБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз