«Үміт» тобы жарады

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің 5-9 сыныптары арасында «Би билейміз, дөңгеленіп» атты би байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында қазақ биінен басқа өзге ұлттар, заманауи билер де көрермен назарына ұсынылды.
Байқау қорытындысында бас жүлдеге 9 сыныптың «Үміт» тобы ие болса, жүлделі 1 орын «Хадия» тобына бұйырды. Жүлделі ІІ орынды «Шабыт» пен «Наз» тобы еншіледі. ІІІ орынды «Жұлдыз» тобы, 6 және 8 сыныптарының «Назкен» тобы қанжығасына байлады. «Көрермендер көзайымы» номинациясына «Үміт» тобы ілікті. Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылды. Бұл байқау балалардың өнерге деген қызығушылығын туғызды. 


Раушан КӘРІМ, 
Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT