Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселенің бірі. Жол-көлік оқиғаларының туындауының тежеуші факторы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.
Жас инспекторлар қозғалысы топтарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар балалар жол-көлік жарақатының алдын алу жұмысын жандандыру мақсатында Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте жергілікті полиция қызметі мен аудандық білім бөлімімен бірлескен жол қозғалысы жас инспекторларының аудандық слеті ұйымдастырылған еді. Оған аудан мектептерінен алты команда қатысты.
Байқау жеті бағдарламадан, атап айтсақ, эрудит, жол қозғалысының белгілері, қауіпсіз дөңгелек, жас реттеуші, саптық жүріс, жас санитар, үгіт бригадасынан тұрды.
Аудандық слеттің жеңімпазы болып, Ақтоғай орта мектебінің командасы танылды. Енді олар облыстық слетте бақ сынайтын болды.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА