Перзентханадағы жүздесу

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Соның бірі аудандық перзентханада жалғасын тапты. Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әженов және аудан әкімінің бас инспекторы Гүлфайруз Төлегенова гүл шоғы мен ескерткіш сыйлығын алып, арнайы перзентханаға бас сұқты. Олар атаулы мереке қарсаңында дүниеге сәби әкелген жас ана Айдана Сүлейменованы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген емес пе дана халқымыз. Екінші мәрте ана бақытын сезініп отырған жас ана қуанышында шек болмады. Алла анасы мен сәбиіне мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр берсін деп тілейміз.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз