Мереке қарсаңында нәзік жандыларға құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында нәзік жандыларға құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдері күніне орай «Өнерпаз» мәдениет үйінде мерекелік кеш өтті.

Мереке қарсаңында бір топ нәзік жандылар қауымы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, сый-сияпаттар ұсынылды.

nay5321

Олардың арасында білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлерлік саласының мамандары бар. 

laz5321

kenje5321

- Құрметті ақ жаулықты аналар, апа-қарындастар және бүгінгі салтанатқа қатысу жерлестер! Жайдары көктемнің алғашқы күндерімен барша адамзаттың көңілін жадырата келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезеңде демеу болып жүргендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз. Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-береке тілеймін, - деді аудан әкімінің орынбасары З.Жаңабайұлы өзінің құттықтау сөзінде.

la50321

Мерекелік кеште әсем әуезді ән де шырқалды, күй де күмбірледі, би де биленді.

nay05321-4

bi50321-8

Шуағын төге келген аяулы аналарымыздың, барша аяулы жандардың көзайым мерекесі құтты болсын.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз