Ақтоғай ауылында бір үйден төрт адамның мүрдесі табылды

Ағымдағы жылдың 5 наурызы күні сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөліміне Ақтоғай ауылында бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

-Оқиға орнына Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеткен кезде, 1974 және 1991 жылы туған ер азаматтар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыз баланың қаза болғандығы анықталады. Бұл жөнінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Болжаммен қаза болу себебі, көмірқышқылгазынан. Нақты жауабы сараптама нәтижесімен анықталмақ. Жағдайдың толық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша хабарланатын болады, - дейді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Н.Бердіғалиев.

«Жайық-Ақпарат»

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521