Ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздарымыз!

Құрметті ауданымыздың және Бейбарыс ауылдық округінің ақ жаулықты апалары, ардақты аналар, аяулы қыздарымыз!

Сіздерді 8 наурыз — халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, ең ыстық құттықтаулар мен ең ізгі тілектерімді жолдаймын. Бұл күн — отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі — көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын.

 Марат САРСЕНГАЛИЕВ,

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521