Мердігер компания уәдесіне тұрды

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні батыстан соққан қатты желдің әсерінен Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шатыры ұшып, ғимаратқа біраз залал келтірген болатын.

2018 жылдың қыркүйек айында нысанға 501 млн-ға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген «Бекболатовтар Құрылыс Компаниясы» табиғаттың тосын мінезінен орын алған олқылықты дереу қалпына келтіруге кірісіп кеткен еді.⠀

⠀ "Құрылыс жұмыстары елдегі төтенше жағдайға қарамастан жалғасын тауып, 15 адамнан құралған команда 20 күн ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтады. Шатырдың зақымдалған жерін қалпына келтіріп, бекітуді көбейттік. Ал маңдайша жазуды карантин режимі аяқталысымен әкеліп қондырамыз. Осы орайда біздің компания келісім-шартта көрсетілген барлық талаптарды орындап, жарамдылық мерзімінен асырмай, жауапкершілікпен жұмысын орындады. Алдағы уақытта мұндай қолайсыз оқиғалар орын алмайтындығына жане бастысы тұрғындарға зақым келмейтініне сенеміз",- дейді компания директоры А.Б.Болатов.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз