Баршаңызға аян елімізде қатерлі вирустың таралуына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Осыған орай Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздегі аса мұқтаж жандарды азық-түлікпен және гигиеналық құрал-жабдықпен қолдау мақсатында арнайы республикалық «Birgemiz» қоры құрылған болатын.
Қор тарапынан көрсетіліп жатқан көмек-қолдауларға қатысты халық арасында бірнеше сұрақтардың туындағаны жасырын емес. Сол сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап беру мақсатымен тікелей эфир арқылы халықпен байланысқа түстік. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі төтенше жағдайға байланысты берілетін 50 мың теңге, коммуналдық төлемге берілетін 15 мың теңге, азық-түлікті тегін тарату жалғасады ма, әлеуметтік төлем бағыттарында болды. Сонымен қатар, партия жанынан көрсетіліп жатқан қайырымдылық шараларға алғыс білдірушілер де көп болды.
Енді «Birgemiz» акциясы негізінде ауданымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсем.
Аудан бойынша 7 санатқа жататын 163 отбасының тізімі жасақталды. Акция аясында 163 отбасы азық-түлік тағамдар және жеке бас гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Акцияға ауданымыздағы кәсіпкерлер, еріктілер мен мекеме қызметкерлері өз үлестерін қосқан атап өткеніміз жөн.
Ауданымыздың партиялас кәсіпкерлері мен жастары қайырымдылық шараға үлес қосып, қосымша 95 адамға көмек ұсынылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша әлеуметтік жағдайы ең төмен 258 отбасыға көмек көрсетілді. Қазір де бұл үрдіс өз жалғасын табуда.
Атырау облыстық мәслихат депутаты Әділ Орынбасарұлының демеушілігімен Бейбарыс, Сарайшық, Сарытоғай ауылдарынан 45 отбасы қамтылды. Ауданның Құрметті азаматы, облысымызға белгілі кәсіпкер-меценат Габдуллин Бағытжан Қабдоллаұлының демеушілігімен Бақсай(16), Жалғансай(4) ауылдарынан 20 отбасы қамтылды.Жеке кәсіпкер Кенжеғалиев Еркебұлан Мұсаұлының демеушілігімен 10 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Сонымен қатар, «Құлагер» ШҚ-ң басшысы Ж.Жаңбалаев Жалғансай ауылдық округінің 23 отбасына, "Бірлік"ШҚ-ң басшысы Кунашев Амангелді Алға ауылының 13 отбасына ет өнімдерін тегін таратты.
Осы орайда, партия филиалының төрағасы, аудан әкіміне, мекеме қызметкерлеріне, аудан жастарына және кәсіпкер азаматтарға, барша еріктілерге өз алғысымды жеткізгім келеді.
Руслан Аженов,
«NurOtan» партиясы Махамбет аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары