«Арай» лагерін жөндеу жұмыстарына 18 жұмыссыз тартылды

Төтенше жағдайға байланысты бекітілген «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы 7000 жоба жүзеге асырылмақ.

Жаңа бағдарламаға сәйкес 240 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, олардың айлығы кем дегенде 85 мың теңгені құрайтын болады. Бұл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халықты жұмыспен қамту бағытындағы негізгі тапсырмасы. Жұмыспен қамтудың жол картасы инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және т. б. объектілер);

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (автомобиль жолдары, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, су шаруашылығы объектілері мен құрылыстары);

– елді мекендерді абаттандыру (аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу және т. б.).

l

Аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алмас Төлегеннің айтуынша, бүгінде Атырау облысы бойынша алғаш болып Махамбет ауданында жүзеге аса бастаған бағдарлама арқылы ең бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтар мен азаматшалар тартылатын болады.

l

- «Аталған бағдарлама аясында Махамбет ауданында орналасқан 10 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспаланып отыр. Күні бүгін Сарытоғай ауылында орналасқан «Арай» балалар лагеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл жерде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келген 18 азамат еңбек етуде» - дейді А.Төлеген.

lager040520-5

«Арай» жазғы-сауықтыру лагерін күрделі жөндеуге жергілікті жұмыссыз азаматтар тартылып, құрылыс жұмыстарына жауапты мекеме «GMS» компаниясымен келісім-шартқа отырған. Басым көпшілігі жастар, күндізгі бөлімнің студенттері. Ал, біраздан бері жұмыссыздар есебінде тұрған Ардақ Құбашев дәнекерлеуші болып қызметке орналасыпты.

-«Жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаның игілігін көріп жатырмыз. Бүгінгі күні «Арай» лагерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесудеміз. Қазіргі еліміздегі ахуалға байланысты бұл таптырмас жұмыс болды деп ойлаймын»,-дейді Ардақ.

s

Алдағы уақытта ауданға қарасты Бейбарыс, Ақтоғай, Талдыкөл ауылдарындағы кіреберіс және ауылішілік жолдарын жөндеу, 4 амбулаториялық емханаға күрделі жөндеу жұмыстары, 2 каналдың тазалық жұмыстарына барлығы 400-ден астам жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту жоспарланып отыр.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT