Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.
Демек, адамдарарасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оңкөзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуықажет. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жекемінез-құлық мәселесі және бар.
Осы және өзге де талаптарды түсіндіру мақсатында ауданға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов және Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова келді. Мемлекеттік қызметшілерменкездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындаболып жатқан оң өзгерістер, мемлекеттік қызметшінің«жаңа» имиджін қалыптастыру, заңнамалық актілергеенгізілген жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл Фарида Ахметованың сөзінше, мемлекеттік қызмет саласына халықтың көңілініңтолмауының басты себептерінің бірі – мемлекеттікқызметшінің тұрғындармен дұрыс сөйлесе алмауыжәне арызданушының өтінішін қараған кезде олардыәуре-сарсаңға салуы.
– Телефонмен сөйлесу этикетіне де көп көңіл бөлукерек. Кез келген мемлекеттік органға хабарласқанкезде органның атауын атамау, өзін-өзі таныстырмаужайттары көп кездеседі. Қолы босамаған жағдайдакоординаттарын алып, кері хабарласпау да халықтыңмемлекеттік органға деген сенімін түсіреді. Сондықтанхабарласушы адаммен сәлемдесуімізденқоштасуымызға дейінгі диалогты ресми форматтақұруымыз керек,- дейді Ф.Төлегенқызы.
Жақында мемлекет басшысы Қасым ЖомартТоқаевтың Жарлығына сәйкес мемлекеттікқызметшілерге арналған Әдеп кодексінің жаңаредакциясы қабылданды. Нақтырық айтсақ кодекстіңқұрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептікқағидаттары» туралы тарау енгізілді. Бұл кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінстандарттауға және өрескел мінез- құлықтың алдыналуға бағытталған. Осыған сәйкес, мемлекеттікқызметшілердің қызметтік әдебі туралы 6 қағиданегізделді. Атап айтқанда, адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарланутараулары бар.
– Аталған құжатта мемлекеттік қызметшілердіңтәртіптік жауапкершілігі ғана қаралмай, құқықтықмәселелеріне көңіл бөлінген. Осы уақытқа дейінмемқызметшілер үшін той-томалаққа бару, естеліккесуретке түсудің өзі қиындық туғызып келді. Жаңа әдепКодексі мұның бәрін жоққа шығарып, мемлекеттікқызмешілерге ағайын-туыстың, өзінің қуаныштарындаемін-еркін жүріп- тұруына рұқсат берді. Тек артыққылам деп, тыртық қылып алмаса жеткілікті. Азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасуғаарналған тестті оңтайландыру бойынша да жұмыстаржүргізуге ұсыныстар жинақталуда. Оның стратегиялық, көшбасшылық қасиеттеріне де мән бере отырып, қызметке алу да қарастырылуда. Жоғары оқу орнынбітірген, GPA жоғары түлектерді ауылдық жердегімемлекеттік қызметке конкурстық негізде алу да жоспарлануда,- деді Қазақстан Республикасымемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысыбойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегікеңес төрағасы Ерлан Мейрамханұлы.
Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынанбос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауыміндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзініңлауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасыүшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн. Қалай десек те, мемлекеттікқызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заңталаптарына толық сай болғаны дұрыс. «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден»,- дейдіАлаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауғақалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек.
Қазіргі таңда Махамбет ауданында 100-ге жуықмемлекеттік қызметші бар. Оның 60 пайызын әйелдерқұраса, қалған бөлігі ер азаматтардың еншісінде. Аудандық әкімдіктің қарамағында 5 дербес бөлім, 9 ауылдық әкім аппаратының мемлекеттік органдарықызмет етеді. Аталған мемлекеттік органдар тарапынанаудан бойынша жаңа бекітіліген тізілімге сәйкес 50-ге жуық мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Кездесуден соң департамент басшысы «Ашықәкімдіктің», халыққа қызмет көрсету орталығының, Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратыныңжұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарын жекемәселелері бойынша қабылдады.
Қазбек АЙТҚАЛИЕВ