«Аманат» партиясының аудандық филиалында үкіметтік емес ұйымдар жұмысы қаралды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиеваашып, қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар түрліжобаларға белсенді қатысып жатқанын айтты.
Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Қайырғалиев баяндама жасап, атқарып отырған жұмыстарына тоқталды.
-Аудан бойынша 16 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 8-і қоғамдық қор, 8-і қоғамдық бірлестіктер. Үшеуібелсенді болып отыр. Атап айтсақ «Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігі, «Ақжол» Махамбет мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі, «Ержүректілер» қоғамдық қоры. «Ақжол» Махамбет мүгедектерқоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен инватаксиқызметі іске қосылды. Аталған қызмет жалғасын тауып, мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қызметін көрсетуде. «Ер жүректілер» қоғамдық қоры спорт клубын ашып, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқабаулып, олар спорттан түрлі аудандық, облыстық, республикалық жеңімпаздарды тәрбиелеуде. Жалпысаны 100-ге тарта оқушыны спортқа баулып, оның 25 спортшысы республикалық жарыстардың жеңімпазыатанды.
Ал « JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігі құрылған жылдан бастап аудан көлемінде белсенді жұмыс атқарып келе жатқан бірден-бір ҮЕҰ. Жастарбастамаларын қолдау болып табылатын ҮЕҰ жанынан«Құлабыз» еріктілер жасағы құрылып, ауданға өзпайдасын тигізіп жүрген жастардың ортасы болып жүр. Бұл қоғамдық бірлестік республикалық «Өзгерісұстасы» республикалық сыйлығының жеңімпазы. Аудан еріктілері көптеген игі істерде төбе көрсетіп, белсенді жұмыс атқаруда. Сондай-ақ «Азаматтықорталық» мекемесі, Жастар ресурстық орталығымекемесі арқылы көптеген акция, жадынама тарату, түсінік жүргізу жұмыстары атқарылды. 2021 жыл ішінде«Табиғатты аялайық!» акциясы аясында 15 іс-шара, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік осал топтағыжанұяларға көмек көрсету бойынша 80- ге тарта іс-шара өтті. «Қарияларға көмек» акциясы аясында 15 іс-шара, ауданда 5000-ға жуық отбасы еріктілердіңкөмегін алды. Жыл сайын «Бар жақсылық –балаларға!» акциясымен аз қамтылған отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі жанұя балаларына жаңа жылдықсыйлық таратып, түрлі кейіпкерлер кейпімен барып, қуантып жүр. 2021 жылы карантин талаптарын сақтап, ауданның ҮЕҰ мүшелерімен 5 онлайн, 7 оффлайнформатта кездесу өтті. Аудан тұрғындарына грант алутуралы, ҮЕҰ ашу, жабу туралы 35 кеңес берілді. Ауданда белсенді жұмыс атқарып отырған ҮЕҰ мүшелеріне грантқа жоба, өтінім толтыруға 27 көмеккөрсетілді. Аудан бойынша 2021 жылы 2 мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс беріліп, «Ақжол» қоғамдықбірлестігі «Біздің қолымыздан барлығы келеді» аттыөнер конкурсын өткізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарғақұрмет көрсетті.
«Жарқын болашақ» қоғамдық бірлестігі «көп балалыаналарды кәсіп негізіне үйрету мақсатында ұлттыққолөнер, тігіншілік шеберлік сағатын ұйымдастыру» шарасын өткізіп, 30- ға жуық көпбалалы аналарарасында «Құрақ» атты құрақ құрап, тігуден шеберліксағатын ұйымдастырды. 2022 жылы мемлекеттіктапсырыс аясында халықтың осал топтарын қолдаумақсатында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында«Спорт та бізге бағынышты» атты кең көлемдіформатта спорттық шара, көпбалалы аналарды кәсіпнегіздеріне үйрету мақсатында «Іскер ана» жобасыніске асыру мақсатында конкурс рәсімі жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданның ҮЕҰ басшыларын бөлініпжатқан грант, тағы басқа жобаларды хабардар етіпотыру мақсатында WhatsApp желісі арқылы ортақ чат ашылып, сол жерде қойған сұрақтарға жауап алып, басқа да мәліметтермен де уақытылы таныстырылыпотыр. 2022 жылы 8 маусымда облыстық «Ақ ниет» қоғамдық бірлестігі Ақжайық ауылдық округінде өзфилиалын ашып, мұмкіндігі шектеулі жандарға көмеккөрсету мақсатында жұмыстарын жүргізе бастады. ҮЕҰ мүшелерімен бірлескен жұмыстар алға қарай да өзжалғасын табатын болады-деді А.Саматұлы. Баяндамашыға залдан сауалдар қойылып, жауаптарқайтарылды.
Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту жәнеспорт бөлімінің бас маманы А.Абуталина жалпыүкіметтік емес ұйым ауданда 26 болғанын, 10 ұйымжұмысын тоқтатқанын, 5-і әрекетсіз деп танылғанын, оның ішінде бір ұйымның құжаттары жоқ болса, тағыбірінің басшысы қайтыс болғандықтан 6 айдан соңбасқа адамға ауысқан соң жабылатынын, үш ұйымАлмалы округінен екенін, Алмалы Атырау қаласықұрамына кіргеніне бірнеше жыл болса да, тіркеуде әлікүнге дейін Махамбетте екенін айтты. Сондай-ақатында үкіметтік емес ұйымы бар бүгінде өмірденөткен Т.Кенжалиев ағамыздың жартылай салынғанғимараты барын, ол Махамбет ауылдық округібалансына алынуы тиістігін, егер ұйым жұмыс істемесежабу керектігін еске салды.
«Ақжол» Махамбет мүгедектер қоғамы қоғамдықбірлестігі төрағасы Қ.Құрмашев инватакси қызметін 12 адам пайдаланып отырғанын, отырған ғимаратыескіріп, жаңбыр болса, су ағатынын, мүмкін болса, басқа ғимарат керектігін айтты. Ол сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек әлеуметтіктапсырыс болса деген ұсынысын жеткізді.
Арман ҚУАНЫШҚАЛИЕВА