Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі кеңес мүшелері аудандағы 35 мекемені аралап, мемлекеттік нышандардың жай- күйі, орналасуы бойынша зерделеу және мониторингілеу жұмыстарын жүргізді.
Кеңес мүшелері өз жұмысын аудан әкімі аппаратынан бастады. Одан әрі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімін, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімдерін де аралап, мемлекеттік Ту, Елтаңбаның талапқа сай орналасқанына, құжаттардың дұрыс толтырылғанына көз жеткізді. Сондай-ақ, Махамбет ауылдық округ әкімі аппаратын, аудандық мәслихат аппаратын, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін, аудандық білім, қаржы және экономика бөлімдерін де қамтып, мемлекеттік рәміздердің қолданылуына зерделеу жүргізді. Аудандық орталық кітапхана, статистика бөлімі, мансап орталықтары да назардан тыс қалмады. Мекемелерден «Өнерпаз» мәдениет үйі, «Жауқазын», «Нұршуақ», «Алтын-Ай» бөбекжайлары, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебін де аралап, мемлекеттік рәміздерді көріп, олардың ұлттық стандартқа сәйкес келуін зерделеп, мониторинг жасады.
ҚР мемлекеттік Туының бейнесі міндетті түрде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті түрде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде (фирмалық бланкілер, бұйрық бланкілер), мемлекеттік органдардың ұйым-мекемелердің атауы жазылған маңдайшаларда, қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінде, мемлекеттік органдар, білім беру орындарының веб-сайттарында да орналастырылады. Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы мемлекеттік Ту тігіледі. Мемлекеттік Елтаңба бейнесі, Гимн мемлекеттік тілдегі мәтіні стендтерге орналастырылады.
Мемлекеттік Гимн ұлттық және мемлекеттік мерекелерінде, өзге салтанатты іс-шараларға арналған жиналыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде, ҚР халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштер, монументтер(құлпытас), басқа да ғимараттарды ашу кезінде, ҚР мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты, спорттық іс-шаралар кезінде ҚР мемлекеттік Туы көтерілген кезде орындалады. ҚР ұлттық құрама командасы қатысатын спорттық іс-шаралар өткізген кезде, білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылуы және аяқталу рәсімдері кезінде, өзге де салтанатты іс- шаралар өткізген кезде Гимн орындалады.
ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы міндетті түрде орнатылған ұйымдар мен мекемелерде, олардың меншік түріне қарамастан Қазақстан Республикасының тиісті ұлттық стандарттарына сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді, олардың бейнелері бар материалдық объектілерді ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия болуы тиіс. Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, олардың бейнелерін заңсыз пайдалануға, оның ішінде мемлекеттік рәміздердің бейнелері кескінделген көрнекі өнімдерді қажетті жою шараларын жүргізбей тұрып, қатты қоқыс қалдықтарын жинайтын орындарға апарып тастауға жол бермеу қажет. Сонымен қатар мемлекеттік Гимнді ҚР заңнамасының талаптарын бұзып пайдалануға, орындауға, оның ішінде мемлекеттік Гимннің бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясын өзгертіп орындауға жол бермеу керек.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА