Елдігіміздің алтын тұғыры

Фото: Pixabay

Тіл – бүкіл халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жа­тыр. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай бейнелі, таза, өткір, терең, күшті тіл ретінде саналады. Ол қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде таны­луда. Қазақ тілі өзінің сөздік қоры жағынан әлемдегі ең озық тілдердің бірі екені аса дәлелдеуді қажет етпейтін факт.

 Қазақ тілін басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазарту­мен айналысқан қоғам қайраткері, белгілі қазақ ақыны, қазақтың біртуар ұлы, рухани көсемі атанған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ол бүкіл саналы ғұмырын қазақ тілінің дыбыстар жүйесін арнайы зерт­теуге арнаған, қазақтың жазба тілін лексикалық шұбарлықтан сақтаған. Өзінің бүкіл өмірін осы қазақ халқының еркіндігіне, тілінің бұзылмауына еңбек еткен ақынымыздың арқасында қазақ халқының тілі қазіргі уакытта қаймағы бұзылмай, әрі қарай даму үстінде. Тәуелсіздік алған жыл­дардан бері ұлт мүддесімен қатар көтеріліп келе жатқан мемлекеттік тілдің жай-күйі бүгінде өзектілігін жойған жоқ. Себебі, мемлекеттік тіл–елдің бүгіні мен келешегін айқындайтын іргелі мәселелердің бірі. Жалпы тілді жақсы деңгейде дамыту үшін өзіміз ана тілімізге жанашырлықпен, құрметпен қарауды есте ұстауымыз керек деп ойлаймын.

А.МАМЕШОВА,

аудандық орталық кітапхана кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT