Мемлекеттік қызметшінің айнасы

Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарт­тары қандай болуы керектігін тайға таңба басқандай айқындап береді. Осы арқылы мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық- адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез- құлық стандарттарынан тұрады.

Негізінен басты міндетіне кел­сек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормала­рын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың про­филактикасына бағытталған іс- шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып саналады.

Елімізде Әдеп Кодексі қабылдануымен Әдеп жөніндегі уәкіл де өз жұмысын баста­ды. «Оның функциясына не кіреді?» деген сауалға тоқталсақ. Мәселен, ол біріншіден, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қадағалайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінде көрсетілген нормалар­ды сақтай отырып, халықпен тіл табысып жұмыс жасауына да баға бере алады. Ол – бір жағынан өз функциясы шеңберінде мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Ұжымдық, моральдық, әдептілік нормаларына сай өзара қатынастар, мәдениет те әдеп арқылы қалыптасары сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, кез келген мемлекеттік қызметші Әдеп кодексінде қамтылған нормаларды сақтай отырып жұмыс жасағаны абзал. Сонда ғана халық пен билік арасы жақындайды. Ал өзара түсіністік қалыптасқан қоғамда жүйе болары айтпаса да белгілі. Бірақ оның жүзеге асуына басты се­беп осы әдеп екенін ұмытпаған абзал. Себебі, Әдеп кодексінде көрсетілген барлық нормаларға сай жұмыс жасаған мемлекеттік қызметші өз са­ласында сыбайлас жемқорлыққа да мүлде жол бермейтіні анық.

Г.ШАКИМОВА,

аудандық СЭБ басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT