Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығын көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау және оларға аталған қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі күні мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» қабылданған Заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастыр- ып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген.
Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
- көрсетілетін қызметті алу- шылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдай- ына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне жол бермеу;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
-мемлекеттік көрсетілетін қызмет- тердің сапасы мен қолжетімділігі;
-мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
-мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Жалпы білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі. Бұл ата–аналар үшін өте тиімді және уақыт үнемдейді. Қызмет көрсету барысында ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіліп, қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ білім мекемесінде «Өз-өзіңе қызмет ет» бұрышы да жасақталған.
«Цифрлы Қазақстанда» барлық жұмысты жылдам, әрі тез жүргізу өте тиімді, әрі қолайлы. Оқушыларды мектепке қабылдау, мектептен шығару жұмыстары да қазіргі таңда электронды түрде жүргізіледі және бұл біздің жұмысымызды сапалы және тиімді жүргізуге өте қолайлы.
Н.БУХАНОВА,
Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін мектептің іс-қағаздар жүргізу маманы