Ақжайыққа балабақша ауадай қажет

Махамбет ауданының әкімі Ақжайық ауылының тұрғындарымен де кездесті. Ашық форматта өткен жиын барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер ортаға салынып, жауапты мамандардан жауап алынды.

Алдымен аудан басшысы Қайрат Нұрлыбаев 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша аудан аумағында атқарылған жұмыстардың көрсет- кішін айтып, баяндама жасады. Ауыл шаруашылығынан бастап, құрылыс, кәсіпкерлік, тұрғын үй, білім, денсаулық салаларын да қамтыған есепте әр ауылдың мәселесі жеке-жеке айтылды. Соның ішінде ақжайықтықтарды алаңдатып отырған балабақшаның жайы күн тәртібінде алдыңғы орында тұрғанын, бәрі де заңдылыққа сай шешілетінін да аудан әкімі атап өтті. Естеріңізге салып өтсек, Ақжайық ауылындағы байырғы балабақшаның ғимараты апатты деп танылып, жұмысын тоқтатқан еді. Содан бері жасы жеткен 90 бала сырттай кезек күтсе, барып жүрген 70 бала бақшамен ерте қоштасуға мәжбүр болды.

Жиын барысында аудан әкімі өткен 2024 жылғы кездесуде көтерілген екі мәселенің шешімін де мәлімдеді. Оның бірі Ақжайық ауылының тұрғыны Жылқышы Нұрғалиевтың «Ақжайық ауылындағы арнайы соғылған судан қорғау бөгеттерінен төрт түлік мал өту үшін жол ашу жұмыстарына арнайы техника бөлуді сұрайды» -деген сауалы еді. Бұл бойынша Ақжайық ауылдық округі әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырма беріліп, Ақжайық ауылындағы жалпы ұзындығы 4500 метр болатын тасқын суға қарсы дамбаның 3 жерінен төрт түлік мал өту үшін арнайы техника бөлініп, жол ашылған. Қазіргі уақытта ауыл малы сол жол арқылы өріске шығып жүр.Екінші мәселені көтерген Жылқышиев Төлеген есімді ауыл тұрғыны «Ақжайық ауылындағы су тазарту қондырғысына жүргізіліп жатырған жөндеу жұмыстарын бақылауға алып, сапалы әрі уақытылы аяқтауды» сұрайды. Аталған мәселе бойынша Ақжайық ауылдық округінің әкімі, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жұмыстана отырып, өткен жылы Ақжайық ауылындағы су тазарту қондырғысының жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта су та­зарту қондырғысы іске қосылып, тұрғындар тәулік бойы ауыз сумен қамтылған.

Махамбет аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Мәжиев төрағалық еткен бұл жолғы кездесуде де ауыл тұрғындары бірнеше өзекті тақырыпты талқыға салды. Соның бірі Н.Сарсенгалиева есімді аза- матшаның «Ақжайық ауылы, Махамбет көшесінен балалар ойын алаңын салу» туралы ұсынысы болды. Жалпы ауылдағы ағайынның нендей мұқтаждығы, сұранысы барын олардың өзінен артық ешкім айта алмайды. Сондықтан да аудан, ауыл әкімдерімен алты ай сайынғы есеп беру жиыны осындай ұсыныс- пікірлердің де төңірегінде тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Балаларға арналған ойын алаңын салу үшін алдымен Ақжайық ауылдық округ әкімі А.Ермановқа арнайы осы мақсатқа орын белгілеп, смета жасақтау тапсырылды. Ал, «Ақжайық ауылдық округіне қарасты «Қызанақ АГРО» ЖШС-нің еккен егіс алқабының орны жи­налмай жатыр. Егістіктің қоршауы алынып тасталғандықтан ауылдың малына өз зиянын тигізуде. Аталған жер учаскесін ретке келтіру тура­лы шаруашылық иесіне ескерту қажет» деп осы мәселені қаперге алуды сұраған Ж.Кашаубаев есімді ауыл тұрғыны болды. Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев бұл мәселеге байланысты ауылдық округ әкімі А.Ермановқа, Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің бас­шысы А.Салиевке, Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаевқа аталған мәселе бой­ынша ауылдық округ әкімі және тиісті бөлім басшылары Ақжайық ауылдық округінің егістік алқаптарына тексеріс жұмыстарын жүргізіп, ша­руа қожалық иелеріне заңға сәйкес ескерту беріп, егістік орындарының тазалығын қамтамасыз етуді тапсыр­ды. Жиын соңында тұрғындар аудан басшысының жеке қабылдауында болып, қалған сұрақтарына жауап алды.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT