Мемлекеттік қызмет электронды түрде алу тиімді

Кез келген мемлекеттік қызметті электронды түрде алудың тиімділігі оңай және қолжетімді. Осыдан жиырма жыл бұрын электронды үкімет жобасы қазіргі таңда дамудың барлық сатысынан өтті. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету «электронды үкімет» веб порталы арқылы жүзеге асырылып келеді. Жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде еліміз 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарында көш бастап тұрғанын мәлімдеді. Және мұнымен шектеліп қалмай, Үкімет озық цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмысты еселеп күшейтуге тиістігін тапсырды.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізіне кіреді. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеруде маңыздылығы ерекше. Осы тұста, Махамбет ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіліп отыр. Атап айтсақ, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту». Көрсетілген қызметті алушы орналасқан жеріне қарамастан интернетке кіру мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы арқылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру» бойынша  өтініштер бере алады. Ол үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы» Атырау облысы бойынша филиалының аудандық бөлімінен, онлайн ашық әкімдіктен, pki.gov.kz сайтынан электрондық сандық қолтаңба алып, жер учаскесінің схемасын яғни картасын алып, жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын анықтау актісін алып, өтініш білдіре алады.

Өткен жылы  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 29 электронды түрде, 205 қағаз жүзінде  болса,  биылғы жылдың үш айында 7 электронды түрде , 41 қағаз жүзінде алғандар  қызмет көрсетілді.

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату», « Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша өтініштер ауылдық округ ғимаратына келіп беріледі.

Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілетін қызметтер бойынша қағидалары ілінген ақпараттық тақта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында енгізілген өзгерістер бойынша жаңартылып отырылады. Мемлекеттік қызметтердің қағидаларында көзделген құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандар үлгілері бар. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында құжаттарды қабылдауда көрсетілетін қызметтер қағидаларының талаптары қатаң сақталады.

Г.Сембаева,

Махамбет ауылдық округі әкім аппаратының

бас маманы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT