Елдің рухани күші оның мәдениетімен өлшенеді

Әрбір ұлт өзіндік мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Жуырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Мәдениет дегеніміз – жай ғана ғимараттар мен мекемелер емес. Бұл – ұлттық сана-сезімді жаһандық ауқымда нығайта түсетін мықты тұғыр», - деп халықтың рухани мұрасын дамыту бағытына айрықша тоқталып өтті. 

Ауданда мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Аудандағы 11 мәдениет үйі ұжымдарының ұйымдастыруымен өткен жылы ұлттық мәдениетімізді ілгерілетуге және салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әртүрлі форматта 510 іс-шара өткілді. Шығармашылық қызметкерлердің кәсіби шеберлігі сынға түскен 13 халықаралық, аймақтық фестиваль, байқаулардан 39 жүлделі орындар, 19 облыстық фестиваль, байқаулардан 17 жүлделі орындар иеленді.

 Аудан бойынша 78 мәдени  үйірмеге 1303 қатысушалыр қатысады. Жыл ішінде тойланатын ұлттық мерекелер, кәсіби мерекелер, сала қызметкерлері күні мерекелер, салтанатты шаралар өз дәрежесінде атап өтіледі.  Солардың ішінде ең көлемді ауылдық округтер арасында таланттарды жұртшылыққа кеңінен таныстыру және жас өнерпаздарды анықтау мақсатында ауданға қарасты ауылдық мәдениет үйлері арасында өткізілген «Ауылым – әнім, алтын бесігім» атты ірі мәдени шара ұйымдастырылды. Аталған шараға барлық ауылдық округ тұрғындары қатынасты.Таңдай ауылдық округіндегі «Бәйге төбеде» аудан әкімдігінің қолдауымен, «Өнерпаз» аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудан әкімі атындағы ат бәйгесі өтті. Мұндай іс-шаралар елдің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттауға, халықты бір арнаға тоғыстыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, ат бәйгесі – спорттық жарыс қана емес, ол дәстүр мен өнердің, ұлттық мақтаныштың көрсеткіші. Аталған жарыс жоғары деңгейде өтті.

Облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы және аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мәдени құндылықтарды насихаттау, креативті индустрияны дамыту» тақырыбында облыстық мәдение қызметкерлер арасында тәжірибе алмасу семинары өтті.

Халықтың көңілінен шыққан жыл сайынғы дәстүрлі байқаулардың бірі «ЕГІЗ ЛЕБІЗ:ЖАҢА МАУСЫМ» музыкалық шоуы өтті. Аталған байқауда мәдениет қызметкерлерімен мекеме қызметкерлері бірігіп өз өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушы жұптар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ауданда алғаш рет «FOOTBALL КУИЗ» интеллектуалды ойыны өткізді. Қатысушылар футбол жұлдыздарының өмірінен қызықты деректерді түгендеп, әлемдік футболдың тарихи сәттерін қайта жаңғыртты. Зияткерлік ойын жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы Кубок пен диплом, өзге қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Жылдық жоспарға сәйкес бірқатар ірі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Олардың ішінде ҚР Мәслихаттының құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік шарасы; ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған, қазақтың әйгілі актері, режиссер, КСРО халық әртісі Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Халықтық» театрлар арасындағы облыстық фестивалі, «Жыл адамын» анықтаған «Жыл үздігі -2024 жыл» атты жылды қорытындылау салтанатты  шаралары ұйымдастырылды.

Облыстық шаралар бойынша ұлттың құндылығы домбыраны дәріптеу, ұрпаққа аманаттау, бүгінге жеткен киелі де қасиетті Сарайшық қаласын ұлықтау мақсатында Атырау қаласында өткен Түркітілдес халықтарының «Саз пернелі Сарайшық» ІІ Халықаралық домбыра тектес шекті аспапта орындаушылардың фестиваліне аудан ардагерлері қатынасып өнерлерін көрсетті.  Қазыналы қарттарымыздың өнерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында  Атырау қаласында өткен «Ардагер әуендері» ардагерлер арасындағы облыстық өнер фестиваліне аудан ардагерлері Сабенова Гүлжиян Қабдолқызы мен Жайлашев Жаңабай Хайреденұлы қатынасып өнерлерін көрсетті. Аталған фестиваль қорытындысымен Сабенова Гүлжиян Қабдолқызы жүлделі ІІ орынды иеленсе, Жайлашев Жаңабай Хайреденұлы бас жүлдені қанжығасына байлады.

Атырау облыстық Ардагерлер Кеңесі және облыстық ғылыми – әдістемелік халық шығармашылығы мен демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастырумен «Infinity Mall» сауда орталығында өткен «Алтын қолтаңба» ардагерлер арасындағы қолөнер шеберлерінің облыстық көрме-байқауына аудан ардагерлері Көшкінбаева Қалықыз Ғилажқызы мен Орынбасарова Зинаида Габдушевна қатынасып, өз өнерлерін көрсетті.

Мақат ауданының 100 жылдығы аясында облыс көлеміндегі жас әуесқой орындаушыларға патриоттық сезімді ояту және жергілікті сазгерлердің туындыларын жас толқынға насихаттау мақсатында «Мақат дауысы 2024» атты облыстық ән байқауына ауданнан қатысқан Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Құралбай Әзілхан жүлделі ІІ орынмен иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атырау қаласы Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында өткен «AcyLike» жобасы аясында «Ән ажары» заманауи ырғақтағы жас дарындар арасындағы облыстық ән фестиваліне ауданнан қатысқан «Өнерпаз» аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Исатай Амандық жүлделі ІІ орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында «Самала саз сағымы» атты аймақтық ән байқауына Бейбарыс ауылдық «Жас Дәурен» мәдениет үйінің басшысы Ислам Нұрмұхаммед Сүндетұлы қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды.

Атырау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Атырау қаласының және Исатай, Құрманғазы аудандарының «Құрметті азаматы» Әзидолла Есқалиевтің шығармашылығына арналған «Халықтық» (Үлгілі) атағы бар оркестлер арасындағы фестиваліне «Өнерпаз» аудандық мәдениет үйі жанындағы «Атамұра» халықтық аспаптар оркестрі қатынасып, халықтық атағын қайта қорғады.

Атырау қаласында өткен «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» ардагерлер арасындағы ұлттық аспапта орындаушылардың облыстық байқауына «Шашу» ардагерлер ансамблі (жетекшісі: Түсекенова Халыш Лотқызы) қатынасып, байқаудың қорытындысымен жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін «ЛАУРЕАТ» атағына иеленді.

Атырау қаласында «Ерліктің ерен үлгісі» атты облыстық патриоттық ән байқауына ауданымыздың Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Нәсімов Асылхан Амангелдіұлы және аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Шараф Бекболат Ханнанұлы өнерлерін көрсетіп, Нәсімов Асылхан ІІ орынмен, Шараф Бекболат арнайы дипломмен марапатталды.

Жандос ДҮЙСЕМБАЕВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT