Жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Бұл бастама қоғамдағы сенімді арттырып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді деп есептеймін. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі – заман талабы.
Конституциялық өзгерістер билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтауға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Заң үстемдігі қағидаты берік орныққанда ғана ел дамуы тұрақты болмақ. Сондықтан әрбір баптың мазмұны халық мүддесіне сай болуы аса маңызды.
Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол болашаққа деген сенімнің кепілі. Егер қоғам болып қолдап, белсенділік танытсақ, бұл өзгерістер ел игілігіне қызмет ететініне сенемін.
#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚоғам #ЗаңҮстемдігі



